18:58, 16 Қазан 2025 | GMT +5
Қырғызстанда автомектептерге лицензия беруге мораторий енгізілді
БІШКЕК. KAZINFORM — Ел үкіметі көлік жүргізушілерін даярлау және қайта даярлауға байланысты білім беру қызметін лицензиялауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, мораторий 2025 жылдың 20 қазанынан бастап күшіне еніп, 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Оның қызметі мемлекеттік білім беру мекемелеріне, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу, көшірме беру, тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату немесе кері күшін жою үшін қолданылмайды.
Іс-шаралар көлік жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың қарашасында Қырғызстанда әуе компаниялары пайдаланушыларына сертификат беруге мораторий енгізілді.