Қырғызстанда бизнеске салықтық тексеріс жүргізуге мораторий енгізілді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бизнеске салықтық тексеріс жүргізуге уақытша тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Мораторий на проведение налоговых проверок бизнеса введен в Кыргызстане
Фото: freepik

Мораторий 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Бұл шаралар кәсіпкерлерді қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және үкіметтің кәсіпкерлік қызметке негізсіз және шамадан тыс араласуының алдын алуға бағытталған.

Құжатта тексерулер жүргізілуі мүмкін ерекшеліктер қарастырылған:

• көшпелі тақырыптық, жоспарлы және қарсы тексерістер;

• камералық тексеріс;

• ұйым таратылған және/немесе жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған жағдайда;

• рейдтік салықтық бақылау және кассалық машиналардың пайдаланылуына салықтық бақылау.

Мемлекеттік салық қызметіне тәуекелге бағытталған бизнес субъектілерін тексеріс жоспарларына жүйелі түрде енгізу үшін анықтау бойынша аналитикалық жұмысты күшейту тапсырылды.

Құқық қорғау органдарына жеткілікті дәлелдер болмаған жағдайда тек жоспардан тыс салықтық тексеріс жүргізу мақсатында қылмыстық істердің қозғалуына жол бермеу тапсырылды.

Бұған дейін Қырғызстанда қағаз, картон, сүрек пен ағаш материалы экспортына мораторий енгізілгенін хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар