Қырғызстанда есірткіге байланысты қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Кабар.

наркотики, есірткі, психотроп
Фото: Canva

Аталған заң 2025 жылғы 10 сәуірде Жогорку Кеңеш (Парламент) тарапынан қабылданған.

Бұл заңның мақсаты — қылмыстық заңнаманың іске асырылуында сыбайлас жемқорлыққа жол беретін тетіктерді азайту және лауазымды тұлғалардың дискрециялық өкілеттіктерін теріс пайдалануын болдырмау.

Заңға сәйкес Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне келесі өзгерістер енгізіледі:

  • Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы, егер сот тарапынан қылмыстық істің ескіру мерзімін қолдану мүмкін болмаса, жиырма жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады;

  • Есірткі заттарды, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын заңсыз дайындау және өткізу мақсатында жасалған қылмыстарға қылмыстық жауапкершіліктің ескіру мерзімін қолдануға тыйым салынады;

  • Мұндай қылмыс үшін сотталған тұлғаларға мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылмайды.

Бұған дейін Қырғызстанда жыл сайын 140 мыңнан астам әйел ана атанатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар