02:15, 14 Маусым 2025 | GMT +5
Қырғызстанда фермерлер 2030 жылға дейін жер салығынан босатылады
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 2030 жылға дейін жер салығын төлеуден босатылады, деп хабарлайды Кабар.

Бұл туралы Мемлекеттік салық қызметі төрағасының орынбасары Кубанычбек Ысабеков «Биринчи радио» тікелей эфирінде хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласы үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін жер салығынан босату шарасы үш жылға арналған еді. Алайда ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, бұл мерзімді тағы бес жылға ұзарту жоспарланып отыр.
Осыдан бұрын Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Эркин Чечейбаев ел халқының қоғамдық денсаулығын жақсарту мақсатында темекіге салынатын акциздік салықты арттыруды ұсынды.