Қырғызстанда көмірді көлікпен шығаруға уақытша тыйым салынды
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасы көмір экспортына алты айлық шектеу енгізді, деп хабарлайды Кабар.

— Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті Қырғыз Республикасының аумағынан көмірді (ЕАЭО ТН ВЭД кодтары 2701 және 2702 бойынша жіктелетін) автокөлікпен шығару бойынша алты ай мерзімге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл тыйым «Иркештам-автокөлік» және «Торугарт-автокөлік» өткізу пункттеріне қолданылмайды, — делінген хабарламада.
Аталған шешімге Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев қол қойды. Құжатқа сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар бұл шешімнен туындайтын қажетті шараларды белгіленген тәртіппен қабылдауға міндеттеледі.
Айта кетейік, бұл шешім ресми жарияланған күннен бастап он бес күн өткен соң күшіне енеді.
Осыған дейін Қырғызстан азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынуы мүмкін екені айтылды.