Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстанда кремация жасауға заң бойынша тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Жерлеу және жерлеу ісі туралы» заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Құжатты Жогорку Кеңеш 2026 жылғы 25 маусымда қабылдаған, деп хабарлайды Кабар

Қырғызстанда кремация жасауға заңмен тыйым салынды
Фото: Kazinform

Заң жерлеу саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ жерлеу рәсімдері мен биологиялық нысандарға қатысты санитариялық-техникалық шараларды нақты ажыратуға бағытталған.

Жаңа түзетулерге сәйкес, марқұмның денесін өртеу (кремация) рәсіміне, сондай-ақ күлі салынған құмыраны жерлеуге немесе бұрынғы қабірге қайта жерлеуге рұқсат беретін нормалар алып тасталды.

Сонымен қатар крематорийлерде қайтыс болған адамдардың, түсік нәтижесінде алынған немесе өлі туған ұрықтардың денесін өртеуге тыйым салынды. Ерекшелік ретінде медициналық қызмет барысында алынатын адам ағзалары мен тіндерін санитариялық мақсатта термиялық жоюға ғана рұқсат етіледі.

Заң ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң күшіне енеді. 

Айта кетелік Алматыда еліміздегі алғашқы крематорий ашылды: қызмет бағасы қандай екені туралы жазған едік