Қырғызстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға өседі

АСТАНА. KAZINFORM – Адылбек Касымалиев Қырғызстанда 2026 жылғы 1 сәуірден бастап дәрігерлердің, мұғалімдердің және мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы кемінде екі есеге артатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Межгосударственная телерадиокомпания «Мир» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға өседі
Коллаж: e-cis.info

Оның сөзінше, бастапқыда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға өсіру жоспарланған. Алайда ел президенті бұл көрсеткішті 100%-ға дейін көтеруді тапсырған.

Касымалиевтің айтуынша, жалақыны екі есеге арттыру үшін қажетті қаражат бюджетте алдын ала қарастырылған. Бұл шешім президенттің өткен жылдың желтоқсан айында өткен құрылтайда жасаған мәлімдемесіне сәйкес қабылданған.

Сонымен қатар кейбір медицина қызметкерлері үшін жалақы өсімі бұдан да жоғары болады. Атап айтқанда, еңбек өтілі жоқ жас дәрігерлердің жалақысы 1,6–1,7 есеге дейін көбейеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда 1 сәуірден бастап медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға артатынын хабарладық.

Ал жалпы аталған елде жалақы 16,1%-ға өсті. 

Сондай-ақ Қырғызстан ІЖӨ-ні 2030 жылға қарай 30 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.