Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға қатысты адамдар ұсталды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды деп күдік келтіріліп отырған бизнесмен Имамиддин Ташов пен белсенді Тлекмат Күреңовтың белсенді екі жақтасын ұстады, деп хабарлайды Kazinform ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кырғызстан
Фото: ҚР ҰҚМК баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, конституциялық құрылым мен тәуелсіздікті қорғау бойынша міндеттерді шешу жұмыстары аясында арнайы қызмет И.Ташов пен Т.Күреңовтың Қырғызстан аумағында жаппай тәртіпсіздік орнатып, артынан билікті күшпен басып алуға дайындық жасап, оны ұйымдастыру фактісін анықтады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 326 бабы, 1 тармағы, 245 тармақшасында көрсетілген «Билікті күшпен басып алу», «Коммерциялық және өзге ұйым қызметшісінің өкілеттігін асыра пайдалану» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі таңда И.Ташов пен Т.Күреңов тергеуден қашып, қозғалған қылмыстық бойынша оларға іздеу жарияланды.

Жедел тергеу жұмыстарының нәтижесінде И.Ташов пен Т.Күреңовтың ел өңірлеріндегі көптеген жақтастары анықталды. Олар тергелді. Сонымен қатар И.Ташовтың дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру бойынша ақпараттар алынды.

ҚР ҰҚМК сондай-ақ жекелеген адамдарды ұстады және олардың билікті құлату бойынша қылмыстық әрекеттерге қатысын растайтын мәліметтер алынды.

ҚР ҰҚМК сондай-ақ жекелеген адамдарды ұстады және олардың билікті құлату бойынша қылмыстық әрекеттерге қатысын растайтын мәліметтер алынды.

Тергеу нұсқасы бойынша «М.А.И» ОШ және Жалал-Абад облыстарында үйлестіруші рөлін атқару керек болған. Яғни олар кез келген әлеуметтік-экономикалық шиеленіс, бақылау-касса машиналар проблемасы, электронды көлік құжаттары сияқты түрлі негіздер бойынша адамдарды жаппай наразылық акциясына қатыстыру үшін адамдарды жинап, ұйымдастыруы керек болатын. Сондай-ақ оның міндетіне адамдарға ақша таратып, оларды ұйымдастырып, Бішкекке алып келу жұмыстары кірген.

Соңғы жаңалықтар