Қырғызстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетін күн белгіленді

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы жексенбі, 2025 жылдың 30 қарашасына белгіленді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Назначена дата проведения досрочных парламентских выборов в Кыргызстане
Фото: ҚР президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Қырғызстан Жогорку Кенеші парламенттің өзін-өзі таратуын мақұлдағанын жазған болатынбыз.

Қырғызстанға парламенттің өзін-өзі таратуы не үшін қажет екенін мына материалдан оқи аласыз.

Маусым айында Қырғызстанда депутаттар сайлауы жаңа жүйе бойынша өтетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар