Қырғызстанда Nestlе балалар тағамының жекелеген партиялары кері қайтарылып жатыр
БІШКЕК. KAZINFORM – «Nestlе Ресей» шикізатта токсин бар болуы қаупіне байланысты Қырғызстандағы бөлшек сауда желісінен балалар тағамының белгілі бір партияларын ерікті түрде кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
«Nestlе» балалар тағамы өнімдерінің ресми дистрибьюторы «Forester» ЖШҚ компаниясының мәліметінше, кері қайтарып алу белгілі күндері шығарылған NAN 1 OPTIPRO, NAN OPTIPRO 2, NAN EXPERTPRO, NAN 2 Optipro, PRENAN, NAN LACTOSE FREE сауда белгілерімен шығарылатын құрғақ еритін сүтке, ашытылған сүтке және лактозасыз қоспаларға қатысты.
Шикізатта цереулид токсині (арахидон қышқылы) болуының ықтимал қаупі анықталғандықтан бұл өнімдерді кері қайтарып алу сақтық шарасы ретінде жүзеге асырылып жатыр.
Бұған дейін Nestle өнімдері Қазақстан нарығынан кері қайтарылып жатқанын жазған болатынбыз.