Қырғызстанда оқу ақысының қымбаттауына мораторий енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Садыр Жапаров жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу ақысының қымбаттауына мораторий енгізді, деп хабарлайды Кабар

Қырғызстанда оқу ақысының қымбаттауына мораторий енгізілді
Фото: Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметі

Садыр Жапаров «Жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу ақысын көтеруге мораторий енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

Президент әкімшілігінің хабарлауынша, құжат білім беру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту, студенттердің құқықтары мен қажеттіліктерін іске асыру мақсатында қабылданған.

Қырғызстан Конституциясының 66 және 71-баптарына сәйкес, 2026–2027 оқу жылында Қырғызстан азаматтарына арналған ақылы білім беру қызметтерінің тарифтерін көтеруге мораторий енгізіледі.

Бұл шешім ұйымның меншік нысаны мен мәртебесіне қарамастан, жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарының барлығына қатысты болады. 

Айта кетелік Қырғызстанда дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жаза күшейтілген еді