Қырғызстанда орташа айлық жалақы қай салаларда өсті

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қырғызстанда шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 42 648 сомды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6% көп, деп хабарлайды Кабар.

Қирғиз соми
Фото: Гульмира Абдрахманова/Kazinform

Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, инфляцияны ескергенде нақты жалақының көлемі 10,9% өскен.

Жалақы өсімінің қарқыны экономиканың барлық салаларында байқалып, халықтың еңбек табысының жалпы нығаюын көрсетеді.

Орташа айлық жалақының ең көп өсуі келесі салаларда тіркелді:

  • жылжымайтын мүлікпен операциялар — 38,9 %;

  • құрылыс саласында — 36,8 %;

  • әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласында — 30,0 %;

  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 28,6 %;

  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында — 28,3 %;

  • қонақүй және мейрамхана бизнесінде — 25,5 %;

  • мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында — 25,8 %;

  • қаржылық делдалдық және сақтандыруда — 20,3 %;

  • басқа қызмет көрсету саласында — 21,6 %;

  • пайдалы қазбаларды өндіруде — 13,9 %.

Бұған дейін Қырғызстанда тұтынушылар 2026 жылдан бастап даяшының қызметіне ақы төлемейтіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар