Қырғызстанда QR-код төлемдерінің көлемі рекордтық деңгейге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Кабар.

Ұлттық банктің мәліметінше, ELQR жүйесіне қазір 20 коммерциялық банк пен 14 төлем ұйымы қосылған, сондай-ақ 32 мобильді қосымша жұмыс істейді.
Елде 15 миллионнан астам есепшот, 9,8 миллион банк картасы, 3,5 миллион сәйкестендірілген электронды әмиян және 3 миллион мобильді агенттік қосымшалар қызмет көрсетеді.
Тек 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында QR-код арқылы төлемдердің рекордтық сомасы – 274,9 миллиард сомға жасалды.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (13,8 млрд сом) 19,9 есе көп.
Өсім бүкіл республика бойынша 80,5 мыңнан астам сауда нүктелерінде QR-кодтарды кеңінен енгізу есебінен қамтамасыз етілді.
Осыдан бұрын хабарланғандай, Қырғызстанда Жалаал-Абад қаласының атауы Манас болып өзгертілді.