Қырғызстанда тікұшақ қонатын алаңы бар жаңа жеті қабатты аурухана салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Аурухана құрылысын 2026 жылдың жазында аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанда тікұшақ қонатын алаңы бар жаңа жеті қабатты аурухана корпусы салынады
Фото: Кабар

2024 жылғы 22 маусымда Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық ауруханасында жаңа корпустың іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиев қатысып, заманауи жеті қабатты медициналық ғимараттың құрылысын ресми түрде бастап берді.

Бұған дейін аурухана ұжымы Камчыбек Ташиевке медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігін айтып, хат жолдаған болатын. 2024 жылдың наурыз айында генерал аурухананың жағдайымен жеке танысып, сол сапардың нәтижесінде жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Жоба аясында тікұшақ қонатын алаң да қарастырылған.

Ташиевтің тапсырмасы бойынша аурухана аумағындағы кеңес заманынан қалған ескі құрылыстар бұзылып, құрылыс алаңы тазартылды. Қазір 2,5 гектар аумақта 280 орындық жаңа корпустың құрылысы басталды. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Құрылысты 2026 жылдың жазында аяқтау жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қырғызстан мектептерде синтетикалық есірткіні анықтау жобасын әзірлеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар