Қырғызстанда цифрлық сомды сынақтан өткізу басталады

ҚЫРҒЫЗСТАН. KAZINFORM –  2025 жылдың сәуір айының ортасынан бастап Қырғызстанда цифрлық сомның прототипін сынақтан өткізу басталады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қырғызстанда цифрлық сомды сынақтан өткізу басталады
Фото: ҚР Ұлттық банкі

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, цифрлық сом – бұл Қырғызстанның ұлттық валютасы цифрлық формада, ол қолма-қол және қолма-қол емес төлем түрлерімен қатар жүреді. Ақша иелері соманы бір формада екіншісіне ауыстыра алады.

Сынақ жұмыстары бірнеше кезеңде өтеді және төмендегі іс-шараларды қамтиды:

эмиссия;

бір цифрлық әмияннан екіншісіне аударымдар;

мемлекеттік төлемдер;

интернетсіз офлайн төлемдер.

Заңнамаға сәйкес, цифрлық сом Қырғызстан аумағында заңды төлем құралы болады және 2027 жылғы қаңтардан бастап айналымға енеді.

Қаңтар айында елде кадрлар іс жүргізуінің цифрландыруы басталғаны хабарланған болатын.

Айта кетелік Қырғызстанда электр энергиясы қымбаттайтынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар