Қырғызстанда жалақы 16,1%-ға өсті: ең көп өсім қай салада тіркелген
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында орташа айлық жалақы 45 797 сомды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға өскен, деп хабарлайды Кабар.
Баға өсімін есепке алғанда, нақты жалақы 6,3%-ға артқан.
Жалақы өсімі барлық қызмет салаларында байқалған.
Ең айтарлықтай өсім төмендегідей салаларда тіркелген:
-
Басқарушылық және қосалқы қызмет — 49,4 %
-
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету — 35,8 %
-
Энергетика (газ, жарық және бу қамтамасыз ету) — 30,5 %
-
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 27,8 %
-
Жылжымайтын мүлік операциялары — 23,1 %
-
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық аулау — 25,3 %
Осыған дейін Қырғызстан 2030 жылға дейін балабақшамен қамтуды 80%-ға жеткізуді көздейтінін жазғанбыз.