Қырғызстанда жылыту және ыстық судың бағасын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM –  Қырғызстан үкіметі биылғы 1 маусымнан бастап жылыту және ыстық су тарифтерін 25 пайызға көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қырғызстанда жылыту және ыстық судың бағасын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр
Фото: freepik

2030 жылға дейінгі орта мерзімді тарифтік саясат туралы қаулы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап тұрғын үй көлемі 80 шаршы метрге дейінгі халық үшін жылыту мен ыстық су тарифі 25%-ға, 2026 жылдың 1 маусымынан бастап — 50%-ға, 2027 жылдың 1 маусымынан бастап — 75%-ға артады. Ал 2028–2030 жылдары тарифтер өзіндік құн деңгейінде белгіленетін болады.

Ал тұрғын үй көлемі 80 шаршы метрден асатын халыққа, сондай-ақ өнеркәсіптік, бюджеттік және басқа да тұтынушылар үшін жылыту мен ыстық су тарифтері толық өзіндік құн деңгейінде белгіленеді.

Елде жылу энергиясына қолданыстағы тарифтер тұтынушылар үшін өзіндік құннан төмен деңгейде белгіленетіні атап өтілді. Бұл жағдай жыл сайынғы қаржылық тапшылыққа алып келіп, жылумен қамту саласындағы жабдықтардың тозу деңгейінің артуына себеп болып отыр.

Бұған дейін Қырғызстанда 2030 жылға дейін жыл сайын электр энергиясы тарифін 20%-ға көтеру ұсынылғаны хабарланған болатын.

Айта кетелік Қырғызстан президенті никаб пен паранжа киюге қатысты пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар