17:32, 25 Сәуір 2025 | GMT +5
Қырғызстанның Қазақстанмен шекаралас аумағында жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың 25 сәуірінде Астана уақыты бойынша 15:37-де (Гринвич уақыты бойынша 10:37) Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР ҰЯО МАИ деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 42,30° және шығыс бойлық 75,86° координаттарда орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4 балл, энергетикалық класы 9,1 болды.
Салдары мен залалы туралы ақпарат көрсетілмеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.