Қырғызстандық көкпаршылар қарсыласын ойсырата ұтты
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғызстандық көкпаршылар Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Бұдан кейін көкпр алаңына Мажарстан мен Түркия командасының ойыншылары шықты. Нәтижесінде 1:0 есебімен түркиялық көкпаршылар келесі айналымға өтті.
Айта кетейік, ҚР көкпар құрама командасының капитаны Тұрғанбек Құрманбек қырғызстандық көкпаршылар біздің ойышылардың басты қарсыласы екенін айтқан болатын. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар «Қазанат» ипподромында іріктеу жарыстарын өткізіп жатыр.

Бұған дейін, қазақстандық шабандоздар 16:0 есебімен Өзбекстан құрама командасын ұтқан еді.
Көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.