Қырғызстанға түскен ақша аударымдары $246,5 млн-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың ақпан айында Қырғызстанға түскен ақша аударымдарының жалпы көлемі 246,5 миллион долларды құрады, деп жазады Кавар.

доллар
Фото: freepik.com

Қырғызстанның Ұлттық банкінің дерегінше, негізгі ақша ағыны дәстүрлі түрде ТМД елдерінен түскен – 233,6 миллион доллар. Шетелдерден келген ақша аударымдарының көлемі 12,9 миллион долларды құрады.

Сонымен қатар, ақпан айының қорытындысы бойынша Қырғызстаннан шетелге жіберілген қаражат көлемі 24,6 миллион долларға жетті. Оның ішінде 20,2 миллион доллар ТМД елдеріне, ал 4,4 миллион доллар шетелдерге аударылғаны анықталды.

Осыған дейін хабарланғандай, Қырғызстанда рақымшылық қолданылмайтын қылмыстар тізімі кеңейтілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар