Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында алтын медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM – Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды.
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні аяқталды.
Ерлер арасындағы 1 шақырым бәсекеде Кирилл Курдиди сары құрлық чемпионы атанды.
Жүлдегерлер мынадай:
1. Кирилл Курдиди (Қазақстан) - 59.915 секунд.
2. Хан Ксие (Қытай) - 59.929
3. Риото Ичида (Жапония) - 1:00.614.
Айта кетейік, бұл - Тагайтайдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы иеленген алғашқы алтын медаль. Осыған дейін элита санатында өнер көрсеткен отандық велошабандоздар 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.
Айта кетелік Қазақстан футбол құрамасы бүгін екінші ойынын өткізеді.