Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Kiryu FM радиосы Димаштың жаңа әнін алғаш рет эфирге шығарады

АСТАНА. KAZINFORM – 30 шілде күні Жапониядағы Kiryu FM радиостанциясы Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының кезекті арнайы шығарылымын ұсынады, деп хабарлайды DimashNews.

Песня Димаша Кудайбергена целый год лидирует в польском чарте
Фото: dimashnews.com

Бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі – әншінің «Aqerke» атты жаңа композициясы алғаш рет Kiryu FM радиосының эфирінде шырқалады.

Димаш
Фото: FM 33901628

Kiryu FM радиостанциясы 2020 жылдан бері жапон тыңдармандарын Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен тұрақты түрде таныстырып келеді. Осы уақыт аралығында орындаушының барлық жаңа музыкалық туындылары эфирден беріліп, оның өнеріне арналған бірнеше арнайы бағдарлама дайындалған.

Кезекті Dimash Special шығарылымы Dimash Japan Fan Club жапон жанкүйерлер клубының өкілдерінің қатысуымен әзірленді.

Бағдарлама барысында «Aqerke» әнімен қатар Love’s Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары да орындалады.

Music Forever бағдарламасы Жапонияның Гумма префектурасындағы Кирю қаласынан жүргізіледі. Бағдарламаны Казудзи Като мен Кёко Ямамото ұсынады.

Бағдарлама әр айдың бірінші және үшінші бейсенбі күндері Жапония уақыты бойынша сағат 19:06-дан 19:59-ға дейін эфирге шығады. Қайталама көрсетілімі келесі күні сағат 11:06-да ұсынылады.

Ал күнтізбеде бесінші бейсенбі болатын айларда бағдарлама ұжымы тыңдармандарға арнайы музыкалық шығарылым дайындайды.

Айта кетейік, Мексикада Димаш Құдайбергеннің әуе шарларынан 4,5 метрлік мүсіні жасалды.