Кішкентай мамонт Люба миллион еуроға сақтандырылды

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - 2007 жылы Ямалда табылған кішкентай мамонт - Любаның мүрдесі миллион еуроға сақтандырылды. Сақтандырушы «АльфаСақтандыру» компаниясы болды.
None
None

Мамонт төлінің мүрдесін бұғышы Юрий Худи 2007 жылы Ямалда тапқан болатын. Кішкентай мамонт ұрғашы төл болып шықты. Сондықтан оған Юрийдің әйелінің құрметіне Люба деген ат берілді. Ғалымдардың бағалауынша, жануар 4-5 айлық кезінде өзен жағасындағы сазды батпаққа ұйықтап мерт болған. Любаның денесі батпаққа толық батып кеткен және осының арқасында қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен қорғалған. Любаның мүрдесі бірегей сақталуымен ерекшеленеді.

Токионың Дзикей университетінің медицина мектебінде Любаның денесіне компьютерлік томография жасалғаннан кейін Санкт-Петербордағы Ресей Ғылым Академиясының Зоология институтына әкелінді. Институт мамандары мүрдені құрғату туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін Люба мұражайға шығарылады. Кішкентай мамонт Салехардтағы Ямал-Ненец мұражай-көрме кешенінің жәдігеріне айналатын болады.

Соңғы жаңалықтар