Кісі тонап, қылмысын жасыру мақсатымен оны өлтіруге дейін барған қылмыскер ұзақ мерзімге сотталды

ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық сотының үкімімен кісі тонап, оны өлтіруге дейін барған К.Захарин 17 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

Кісі тонап, қылмысын жасыру мақсатымен оны өлтіруге дейін барған қылмыскер ұзақ мерзімге сотталды

Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы қылмысты жасырғаны үшін А.Маратұлы 1 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді. Сот анықтағанындай, К.Захарин өткен жылғы тамыздың 21-інде Орал қаласы Достық даңғылы 245-үй 27-пәтерде А.Мұстафиеваның 12 мың теңге тұратын «Нокия-5070» ұялы телефонын тартып алып, кейін осы қылмысын жасыру ниетімен оны тұншықтырып өлтіреді. А.Маратұлы болса, К.Захаринге қыздың денесін қала сыртына шығарып, бензинмен өртеп жіберуге көмектеседі.