Қысқы Азия ойындары өткен Харбин қаласының көрінісі - фоторепортаж

ХАРБИН. KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпаннан 14 ақпан аралығында өткен қысқы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында Харбиннен ақпарат таратқан Kazinform тілшісі Ақ Азиада кезіндегі Харбин қаласынан фоторепортаж ұсынады.

Харбин
Фото: Мұхтар Қалимолла

Харбиндегі Ақ Азиадаға Азияның 34 елінен/аймақтарынан барлығы 1275 спортшы (755 ер, 520 әйел) тіркелді. Олардың арасында мұз спортына 847 спортшы (513 ер, 334 әйел) және қардағы спорт түріне 428 спортшы (ерлер 242 адам, 186 әйел) қатысты.

Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

IX қысқы Азия ойындары Харбин қаласындағы мұз спорты өтетін 5 арена және Ябули тау шаңғысы курортында қар спорты өтетін 8 жарыс алаңында ұйымдастырылды.

Қысқы Азия ойындарында мұз спорты бойынша атлеттер қалашығы ретінде, Harbin Victories Hotel қонақ үйі болып белгіленді. 24 елден келген 900-ден аса спортшы осы қонақ үйіне (атлеттер қалашығы) орналасты.

Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Городок атлетов в Харбине
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы

Harbin Victories Hotel – Харбиндегі ең танымал төрт жұлдызды қонақүйлердің бірі. Ғимараттың жалпы ауданы 60 000 шаршы метрді құрайды. 39 қабаттан тұратын нысанда 618 қонақ бөлмесі, конференция залы, қоғамдық тамақтану орны, сауда орталығы және дене шынықтыру залдары бар.

Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Қар спорты бойынша атлеттер қалашығы Ябулидағы Avaunce Hotel Yabuli қонақүйінде орналасқан.

Avaunce Hotel Yabuli қонақүйі AAAA деңгейіндегі Ябули тау-шаңғы курортында орналасқан, Харбин қаласынан 246 шақырым алыста. Бұнда көлікпен шамамен 2 сағат 30 минутта, ал жүрдек пойызбен 1 сағатта жетуге болады.

Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Айта кетейік, Харбин қаласынан Ябулиге дейін күніне 5-6 рейс жылдам пойыз қатынайды. Ал әдеттегі пойыз Харбинге 3 сағатқа жуық уақытта жетеді.

Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Медиа
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Харбин қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушылары журналистер үшін жоғары деңгейдегі медиа орталық жабдықтады. Онда медиа қызметкерлері үшін барлық жағдай толық жасалған.

Медиа орталық
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Медиа орталық
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Мұз спорты бойынша медиа орталық Харбин халықаралық көрме және спорт орталығы жанында орналасқан. Бас медиа орталық екі бөлікке бөлінген: негізгі жаңалықтар орталығы және халықаралық хабар тарату орталығы.

Медиа орталық
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Сондай-ақ тіркелген БАҚ тілшілері мен хабар таратушыларға қолдау көрсету үшін онлайн-жаңалықтар орталығы, баспасөз мәслихаты залы және сұхбат алаңы сияқты 11 функционалды аймақтары бар.

Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Ябулидегі медиа орталық Avaunce Hotel Yabuli қонақүйінің холында орналасқан. Бұл жерде де журналистердің тамақтануына және жүмыс істеуіне, сонымен қатар жарыс алаңдарына баруға толық жағдай жасалған.

БАҚ
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Харбин қысқы Азия ойындарынан 500-ге жуық БАҚ журналисі ақпарат таратып жатыр. Ал трансляция құқығы бар хабар таратушылардың саны 800-ден астам адамға жеткен. Олардың төрттен бірінен көбі немесе 200-ден астамы шетелдік БАҚ тілшілері.

Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Ябули
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

IX қысқы Азия ойындарының медиа отелі 28 қаңтар күні ресми жұмысын бастады. Олардың қатарында жазба журналистер мен фототілшілер үшін 4 қонақүй, телеканал тілшілері үшін 2 қонақүй белгіленген.

Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Медиа отельде журналистерге жоғары сапада қызмет көрсететін көмек орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, медиа орталыққа және жарыс алаңдарына бару үшін әр сағат сайын қатынайтын автобустар орналастырылған.

Харбин
Фото: Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Харбин Қытайдың ең солтүстік шығысында орналасқан, Хэйлунцзян провинциясының орталық қаласы. 1898 жылы, Ресей империясының экспедиция тобы Харбин қаласының бас жоспарын жасап, қала құрылысын бастаған. Сол себепті қалада орыс архитектурасының элементтерін байқауға болады. Қазіргі уақытта, қалада 10 млн-нан көп адам өмір сүреді.

Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Харбин
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Осыған дейін Харбиндегі қысқы Азия ойындарына 6 мыңға жуық волонтер тартылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар