Қысқы маусымда жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушіге қанша айыппұл салынады

автомобиль шина
Фото: Canva

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде ресми түрде көлік жүргізудің қысқы маусымы 1 желтоқсанда басталады. Осы орайда Kazinform доңғалағын уақтылы ауыстырмаған жүргізушілерге заң бойынша қанша айыппұл салынатынын анықтап көрді.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ресми мәліметтерге сай, М1 және N1 санаттағы автомобильдер жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) қысқы шиналармен жабдықталған болса, ал қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналар орнатылмаған болса, көлікті пайдалануға тыйым салынады.

«Бұл шектеулер сәйкесінше Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің 5.5-тармағымен (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 бекітілген шешімі) және осы қосымшаның 5.6.3-тармағымен реттеледі.

Жоғарыдағы техникалық регламенттің 5.5-тармағы бойынша ереже бұзғаны үшін ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген ІІМ хабарламасында.

2024 жылы бұл айыппұл сомасы - 18 460 теңге.

Бұл жерде атап өтерлігі, М1 са­на­тына же­ңіл ав­то­мо­биль­дер жатады. Олар — жо­ла­у­шы­ та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған және жүр­гі­зу­ші­нің ор­ны­нан бөлек тағы се­гіз орынды­қпен жабдықталған көліктер.

қысқы доңғалақ
Фото: Canva

Ал, N1 са­на­тына жүк ав­то­мо­биль­де­рі және олар­дың шас­сиі, яғни жүк­ та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған және ең жо­ға­ры сал­ма­ғы 3,5 тон­на­дан ас­пай­тын кө­ліктер жатады.

«Ш» белгісі ерікті түрде тағылады

Елімізде 2016 жылы шегесі бар қысқы доңғалақ орнатылған көлікке «Ш» тану белгісін тағу міндеттелген болатын. Бұл өзгеріс көп ұзамай нарықта «Ш» тану белгісін сатуға қатысты дүрбелең тудырып, қоғамның наразылығына ұшырады. Келесі жылы арнайы Үкімет қаулысы шығып, Жол қозғалысына қатысты заңға өзгерістер енгізіліп, бұл талап алынып тасталған еді.

«Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелердің 9-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген) шиналары бар механикалық көлік құралының артында «Ш» тану белгісі жүргізушінің қалауы бойынша орнатылады. Осы тармақ бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) әкімшілік жауапкершілік көзделмеген», - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасө қызметі.

Ш белгісі
Фото: Zakon.kz

 

Сондай-ақ, ведомство биыл жыл басынан бері ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлігі бойынша 162 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы күндері еліміздің солтүстік облыстарында толассыз қар жауып, жол қозғалысын қиындатты. Өткен демалыс күндері Астанада 200-ден астам көлік оқиғасы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар
telegram