Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі

МИЛАН. KAZINFORM – 10 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні басталды.

Қысқы Олимпиада - 2026
Фото: Сали Сабыров

Бүгін 18 қазақстандық спортшы алты спорт түрінен жарыс жолына шығады. 
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

13:15 – шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.

14:30 – шорт-трек 500 м (әйелдер, іріктеу), 1000 м (ерлер, іріктеу), аралас эстафета (алдын ала кезең)
Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова.

15:15 – фристайл-могул, алғашқы іріктеу (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.

17:30 – биатлон, жекелей жарыс (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.

18:15 – фристайл-могул, алғашқы іріктеу (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

22:30 – мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер)
Қатысушы: Михаил Шайдоров.

Айта кетейік, бұған дейін Қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күні несімен есте қалғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар