Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 14 ақпандағы жарыс кестесі

ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 13 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының жетінші жарыс күні басталды.

тұғырдан секіру
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Бүгін 16 қазақстандық спортшы жеті спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — тау шаңғысы, алып слалом (ерлер)
Қатысушы: Ростислав Хохлов.

14:30 — фристайл-могул, параллельді могул (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

16:00 — шаңғы жарысы, эстафета (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко.

18:45 — биатлон, спринт (әйелдер)
Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева.

20:00 — конькимен жүгіру, командалық із кесу сайысы (¼ финал, әйелдер)
Қатысушы: Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко.

21:00 — конькимен жүгіру, 500 м (ерлер)
Қатысушы: Евгений Кошкин.

22:45 — шаңғымен тұғырдан секіру, биік тұғыр (ерлер)
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Михаил Шайдоров араға 32 жыл салып, ел қоржынына қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.

Соңғы жаңалықтар