Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 16 ақпандағы жарыс кестесі
ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 16 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күні басталды.
Бүгін 6 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
14:00 — тау шаңғысы, слалом (ерлер)
Қатысушы: Ростислав Хохлов
15:00 — шорт-трек, 500 м (ерлер), 1000 м (әйелдер)
Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова
23:00 — шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Павел Колмаков Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Ол алғашқы кезекте франциялық қарсыласы Артур де Виллаукурды жеңді. Алайда, екінші кезекте Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегері Микаэль Кингсбериге (Канада) жол берді.