Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

МИЛАН. KAZINFORM — Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті.

Михаил Шайдоров
Фото: Сәли Сабыров

Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада отандасымыз техникалық элементтер орындау бойынша 52.45 ұпай, ал бағдарлама компоненттерін орындауда 40.49 ұпай еншілеп, 92.94 ұпаймен алдыңғы бестіктен көрінді.

Америкалық Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастаса, жапондық Юма Кагияма екінші орынға жайғасты (103.07 ұпай).

Үшінші орындағы франциялық спортшы Адам Сяо Хим Фа 102.55 ұпай еншіледі.

Айта кетерлігі, отандасымыз 13 ақпан күні еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Михаил Шайдоров
Фото: Сәли Сабыров
Михаил Шайдоров
Фото: Сәли Сабыров
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды
Фото: Сәли Сабыров

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Павел Колмаков фристайл-могулдан Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды.