«КІТ КАТ» өнімін тұтынушы алматылық тұрғын Жаңа жылда жаңа көлікке ие болды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Нестле» компаниясы жүргізген акцияның бас жүлдесін жеңіп алған алматылық тұрғын Жаңам жылды жаңа көлікпен қарсы алды,

«КІТ КАТ» өнімін тұтынушы алматылық тұрғын Жаңа жылда жаңа көлікке ие болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл акция қыркүйектің 1-і мен қарашаның 30-ы аралығында жүргізілген болатын. Оған қатысуға арнайы купонды толтырып, оған «КІТ КАТ» өнімінің орауышын қосып ұйымдастырушыларға жолдаған барлық қазақстандыққа тең мүмкіндік жасалды. Бұған дейін күн сайын «GSMX-50» үлгісіндегі скутерлерді ойнатқан компания бас жүлдені желтоқсанның 20-сында сарапқа салған еді. Онда 3 айдың ішінде 200 этикетка жинаған Алиса Шмелова жеңімпаз атанды. Жаңа жыл қарсаңында өткен марапаттау рәсімі кезінде оған «Nissan Micra» көлігінің кілті табыс етілді.