Кітапхана қызметкері танымал суретшілердің 143 картинасын ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда кітапхана қызметкері сотта өзінің Гуанчжоу бейнелеу өнері академиясы галереясындағы 143 полотноны жымқырып кеткендігін мойындады, деп хабарлайды Associated Press.
None
None

Сяо Юань есімді қытайлық академияның бір бөлігі болып есептелетін галареяға жауапты болған. Ол осында екі жыл бойы, 2006 жылға дейін картиналардың түпнұсқаларын ұрлап келген. Ал оның орнына өз қолымен салған көшірмелерді ауыстырып отырған. Бір қызығы, арада біршама уақыт өткеннен соң әлгі көшірме туындылар да қолды бола бастаған. Олардың орнына сапасыз жасалған жаңа көшірмелер қойылады.

Ұрланған шығармаларды ол аукциондарға шығарып отырған. Соның арқасында 2004 жылдан 2011 жылға дейін бұрынғы кітапханашы 34 миллион юанға байыған (алты миллион доллар). Кәнігі ұры осы аралықта атақты суретшілердің 125 картинасын сатып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар