Кітаптардың сақталуын иісі бойынша анықтауға болады

АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Ғалымдар кітаптардың сақталуын оның иісі бойынша анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты,

Кітаптардың сақталуын иісі бойынша анықтауға болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

 Жаңа технологияны жасаушылардың бірі Матья Стрликтің айтуынша, (Matija Strlic) кітаптарды иісі бойынша олардың жай-күйін бағалау идеясы оның ойына кітаптарды иіскеу дағдысы қалыптасқан мұрағат қызметкерлерінің жұмыстарын бақылағаннан кейін келген. Кітаптардың жасына тәуелді олардың иістерінің қалай өзгеретінін тексеру үшін ғалымдар шыққан күндері анық белгілі XIX-XX ғасырлардағы 72 кітапты зерттеген.

 Сонымен қатар, жаңалық авторлары кейінірек шыққан кітаптарға қарағанда бұрынғы ескі кітаптардың неге жақсы сақталатынын да түсіндірді. Технологиялардың дамуына орай баспа табақтарды басуды жеңілдететін розин қоспалары қосылады. Уақыт өте келе қышқыл компоненттерді бөле отырып, қағаздың бұзылуын жеделдететін розин өзгеріске ұшырайды. Розин өзгеріске ұшыраған кезде өзіндік зат бөлінеді. Ғалымдар осындай белгілерге қарап кітаптардың сақталуын анықтап отыр.

Химиялық қоспаларға жасалған талдау кейбір өнер туындыларының шынайылығын анықтау үшін де пайдаланылады.