Қытай алтын сатып алуды соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Халық банкі тамыз айында ресми алтын қорын 650 мың унцияға арттырып, 76,73 млн унцияға жеткізді. Бұл – соңғы үш жылға жуық уақыттағы ең жоғары айлық өсім, деп хабарлайды China Daily.
Қытайдың орталық банкі осымен 22 ай қатарынан алтын қорын ұлғайтып отыр.
Тамыздағы сатып алу көлемі 2023 жылғы қазандағы көрсеткішке жақындады. Ол кезде Қытай Халық банкі алтын қорын бір айда 740 мың унцияға арттырған еді.
Сонымен қатар Қытайдың валюталық резервтері де өсті. Тамыз айының соңында елдің валюта қоры алдыңғы аймен салыстырғанда 19,5 млрд долларға ұлғайып, 3,4383 трлн долларға жетті. Осылайша, көрсеткіш екінші ай қатарынан өсіп отыр.
– Валюта резервтерінің өсуі тамыз айында АҚШ доллары индексінің төмендеуі аясында болды. Бұл ретте әлемдік негізгі қаржы активтерінің бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, – деп мәлімдеді Қытайдың Валюталық бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасы.
Қытайдың алтын қорын қатарынан 22 ай бойы ұлғайтуы елдің резервтеріндегі бағалы металдың үлесін арттыру саясаты жалғасып отырғанын көрсетеді.
Айта кетейік, Нидерланд АҚШ пен Канададағы алтын қорының бір бөлігін шығарды.