22:37, 08 Мамыр 2025 | GMT +5
Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Борт N1 Telegram арнасын,да жарияланды.

— Кремль сарайындағы мерекелік концерт алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесті, — делінген хабарламада.
Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді.
Айта кетелік Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған еді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған еді. Сондай-ақ Қазақстанға Абу Дабидің Тақ мұрагері келетіні туралы жазған едік. Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрімен кездесті.
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізген еді.