Қытай еліміздегі су тасқынымен күреске көмекті жалғастырады

Қытай елшісі
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Қазақстанда болған су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарына қол ұшын созуды жалғастырады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И мәлім етті.

«Биыл Қазақстан ірі су тасқынына тап болды. Бауырлас көрші және стратегиялық серіктес ретінде Қытай шын жүректен жанашырлық танытады, біз қалпына келтіру жұмыстарында қолдан келгенше көмек пен қолдау көрсетуді жалғастыруға дайынбыз», - деді Ван И бүгін Қазақстанға сапары барысында.

Одан әрі Қытай министрі екі ел арасындағы сауда-саттықтың арта түсетінін айтты.

«Біздің статистика бойынша 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд долларды құрады. Екі ел 40 млрд доллар тауар айналымына қол жеткізу бойынша мемлекет басшылары қойған жоспарға мерзімінен бұрын қол жеткізді», - деді Ван И.

Бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрі Иран Президентінің өліміне қатысты пікір білдірген еді.

 

Соңғы жаңалықтар