Қытай Еуропарламенттің бес депутатына салынған санкцияларды алып тастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай билігі Еуропарламенттің бес депутаты мен олардың отбасыларына қатысты салынған санкцияларды алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.

Қытай Еуропарламенттің бес депутатына салынған санкцияларды алып тастады
Фото: ТАСС

Бұл Еуропа одағы мен Қытай арасындағы парламенттік диалогты қайта жандандыруға жол ашады. Бұл туралы Еуропарламенттің ресми мәлімдемесінде айтылды.

— Бүгін Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола ЕП-дегі саяси фракциялардың басшыларын Қытай билігінің санкцияларды алып тастау жөніндегі шешімі туралы хабардар етті, — делінген құжатта.

Мәлімдемеде бұл қадам Еуропа одағы мен Қытай арасындағы парламенттік диалогты қайта бастауға мүмкіндік беретіні айтылғанымен, Еуропарламент Қытаймен арадағы күрделі мәселелерді елемеуге ниетті емес екенін де атап өтті.

— Еуропарламент депутаттары енді қытайлық әріптестерімен Еуропаның мүдделері туралы салдарынан қорықпай ашық талқылай алады. Қытаймен қарым-қатынасымыз күрделі және көпқырлы болып қала береді. Мұндай жағдайларда ең тиімді жол, өзара әрекеттестік пен диалог, — деді Роберта Метсолан.

Мәлімдемеде санкциялардың нақты қай күннен бастап жойылатыны көрсетілмеген.

Қытай 2021 жылғы 22 наурызда Еуропарламенттің бес депутатына және ЕП-тың адам құқықтары жөніндегі қосалқы комитетіне санкциялар енгізіп, аталған депутаттардың Қытай аумағына кіруіне тыйым салған болатын.

Бұл қадамға жауап ретінде Еуропа одағы Қытаймен барлық парламенттік ынтымақтастық түрін тоқтатты.

Айта кетелік АҚШ Иран мен Қытай компанияларына санкция салған еді

Соңғы жаңалықтар