Қытай ғалымдары ғарыштық қалдықтарды жоюдың жолын тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай ғалымдары ғарыштық қалдықтарды жоюға арналған және оны спутниктерді өшіретін қару ретінде де қолдануға болатын құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды South China Morning Post

Қытай ғалымдары ғарыштық қалдықтарды жоюдың жолын тапты
Фото: Нанкин ғылым және технология университеті

Басылымның мәліметінше, зерттеуді Нанкин ғылым және технология университеті машина жасау бөлімінің ғалымы Юэ Шуай бастаған ғалымдар тобы жүргізген.

— Құрылғы Жердің айналасындағы орбиталық қалдықтарды жоюға арналған. Ол қалдықтарды орап алып, оны атмосфераға шығаратын торлы капсуланы іске қосады, - деп келтіреді басылым зерттеушілердің сөздерін.

Бұл құрылғы ықшам және сыртқы қуатты қажет етпейтіні атап өтілген. Дәстүрлі қарудан айырмашылығы, ол жабық газ механизмі арқылы энергияны сіңіреді және атыс кезінде түтін немесе жалын шығармайды.

Бейжіңдік астрофизиктің айтуынша, оны аздап өзгерту арқылы ғарыштық қаруға айналдыруға болады. 

— Жарылыс болмайды, шабуыл жасағаны көрінбейді, тек жасанды жер серігінің өзі істен шығады. Сырттан қарағандарға жер серігі табиғи түрде істен шыққан болып көрінеді, - деді ол.

Еске сала кетейік, Қытайда алғашқы адам тәрізді роботтар дүкені ашылды.

Соңғы жаңалықтар