Қытай ғалымдары телефондағы әрекеттерді анықтайтын тың тәсіл ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытай ғалымдары смартфонда іске қосылған қосымшалар мен пайдаланушының нақты әрекеттерін электромагниттік сәулелену арқылы анықтауға мүмкіндік беретін әдіс әзірледі, деп хабарлайды SCMP.
Қытай қоғамдық қауіпсіздік университетінің мамандары бұл технологияны байланыссыз цифрлық криминалистика құралы ретінде ұсынып отыр.
Жаңа әдістің басты артықшылығы – құрылғының операциялық жүйесін бұзбай-ақ қажетті деректерді анықтау мүмкіндігі.
– Бұл техникалық тәсіл цифрлық криминалистика үшін объективті дәлелдер алуға мүмкіндік береді және тергеу әрекеттерін айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін, – дейді мамандар.
Әдіс смартфондағы қосымшалар әртүрлі компоненттерді – процессорларды, Wi-Fi модульдерін, GPS жүйесін немесе жад контроллерлерін іске қосатынына негізделген.
Жүктеменің өзгеруі энергия тұтынуға әсер етіп, әр құрылғыға тән төмен жиілікті электромагниттік сәулелену қалыптастырады. Кейін бұл сигналдарды жасанды интеллект анықтап, талдайды.
Технологияның тиімділігі iPhone 15 Pro, Xiaomi 15 Pro және Oppo Reno 13 смартфондарында сынақтан өткізілді.
Douyin, WeChat, Baidu Maps, SMS менеджерлері, интернет браузерлер, камера және бұлтты сақтау сервистері секілді қосымшаларды анықтау дәлдігі 99,07%-ға жеткен.
Айта кетейік, Қытай 100 мыңнан астам гуманоидты робот шығарады.