Қытай КХДР-мен стратегиялық үйлестіруді нығайтуға дайын

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі жағдайда Солтүстік Кореямен стратегиялық үйлестіруді күшейтуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған Си Цзиньпиннің КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынға елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 75 жыл толуына орай жолдаған құттықтау жеделхатында айтылған.

Си Цзиньпинь
Фото: Синьхуа

«Қазіргі жағдайда Қытай КХДР-мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 75 жылдығын стратегиялық үйлестіруді нығайту, достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты тереңдету және Қытай мен КХДР арасындағы дәстүрлі достықтың жаңа тарауларын жазуды жалғастыру мүмкіндігі ретінде қабылдауға дайын», - деп келтіреді Қытай Сыртқы істер министрлігінің сайты Си Цзиньпиннің сөзін. Қытай көшбасшысының атап өтуінше, соңғы 75 жылда «екі ел халық билігін нығайту және ұлттық егемендікті қорғау жолындағы күресте бір-бірін қолдап, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты дамыту және халықаралық әділеттілікті қамтамасыз етуде тығыз ынтымақтастықта болған».

Бұған дейін Қытай әлемдегі ең үлкен «ядролық паркке» айналуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Бүгінде елде қуаты 58 ГВт болатын 56 атом энергетикалық блогы бар, қуаты 30 ГВт болатын 26 жаңа реактордың құрылысы жүргізілуде. Дегенмен, ядролық энергия Қытайдың жалпы электр қуатының шамамен 5%-ын ғана құрайды, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 10% төмен.

Соңғы жаңалықтар