Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауданың орташа жылдық өсімі 10% жетті

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылы ҚХР-дың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдермен сауда көлемі 22 трлн юань-ді (3 трн доллар) құрады. Бұл туралы дүйсенбі күні Бейжіңде өткен брифинг барысында ҚХР Бас кеден басқармасының жетекшісі Сунь Мэйцзюнь мәлім етті. деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Среднегодовой темп роста торговли между Центральной Азией и Китаем превысил 10%
Фото:ҚХР Мемкеңесінің баспасөз кеңсесі

Оның мәліметінше, 2024 жылы елдің жалпы тауар айналымы 43,8 трлн юаньға жетіп, Қытай әлемде қатарынан сегіз жыл бойы бірінші орын алып келді.

Биыл қаңтар-шілде айларында Қытайдың импорт-экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсті. Экспорт 7,3%-ға артты. Бұл елдің сыртқы саудасының тұрақтылығы мен өміршеңдігін көрсетеді.

— 2024 жылы «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы серіктес елдермен сауда көлемі 22 трлн юаньға жетіп, жалпы айналымның жартысынан астамын құрады. Сонымен қатар АСЕАН, Латын Америкасы, Африка және Орталық Азия сынды дамушы нарықтармен сауда айналымының жылдық өсімі 10%-дан асты, — деді Қытайдың Бас кеден басқармасының басшысы.

Сонымен бірге ол «14-бесжылдық» (2021–2025 жж.) аясында 81 ел мен өңірден 271 түрлі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімінің Қытайға импортталуына рұқсат берілгенін атап өтті.

Осыған дейін Қытай мен ШЫҰ елдерінің сауда айналымы 7 айда 1.8 пайызға өскені туралы жаздық.

e/

Соңғы жаңалықтар