Қытай-Непал шекарасында екі қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында Қазақстанның екі азаматшасын іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

а
Фото: Анадолы

Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен.

— ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған, — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Әлеуметтік желіде жоғалған қазақстандық туристердің аты-жөні жарияланды. Олар – 1982 жылы туған Анна Щерба және Ирина Блонская.

Бұған дейін Непал шекарасынан Қытайға өткен жалғыз қазақстандық турист іздестірілген еді.

Су тасқыны құрбандарының саны 359-ға жетті, 1400 адам із-түзсіз жоғалған.