Қытай ШЫҰ-мен бірге энергетика, өнеркәсіп және цифрлық экономика саласында платформалар құрмақ
БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытай алдағы бес жылда ШЫҰ елдеріне күн және жел электр станцияларының қуатын 10 млн кВт-қа арттыруды ұсынып отыр. Бұл туралы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан «ШЫҰ+» форматындағы кездесу барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
– Қытай энергетика, жасыл өнеркәсіп және цифрлық экономика салаларында үш ірі ынтымақтастық алаңын, сондай-ақ ғылыми-технологиялық инновациялар, жоғары және кәсіптік білім беру салаларында үш орталық құрады, - деп келтірді Синьхуа агенттігі Си Цзиньпиннің сөзін.
Си Цзиньпин атап өткендей, алдағы бес жылда Қытай басқа елдермен 10 млн кВт-тан асатын күн және жел энергиясының жаңа жобалары бойынша ынтымақтасуға дайын.
Оның айтуынша, Қытай жасанды интеллект саласындағы Ынтымақтастық орталығын құруда барлық тараптармен ынтымақтасуға дайын.
Бұдан бөлек, Си Цзиньпин барлық тараптардың «Бэйдоу» навигация жүйесін кеңінен пайдалануын құптап, елдерді Айды зерттеу Халықаралық станциясын құруға қосылуға шақырды.
Айта кетейік, Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды.