Қытай стратегиялық зымыранды суасты қайығынан сынақтан өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Қытай халық-азаттық армиясының Әскери-теңіз күштері дүйсенбі, 6 шілдеде суасты қайығынан стратегиялық зымыранды сәтті сынақтан өткізді, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай стратегиялық зымыранды суасты қайығынан сынақтан өткізді
Фото: Синьхуа

Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, стратегиялық атомдық суасты қайықтарының бірі жергілікті уақыт бойынша түсте Тынық мұхитының ашық акваториясына қарай имитациялық оқтұмсықпен жабдықталған стратегиялық зымыранды ұшырған. Зымыран алдын ала белгіленген нысанаға дәл жеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ұшыру Қытай Әскери-теңіз күштерінің жыл сайынғы оқу-жаттығулары аясындағы жоспарлы іс-шара саналады. Қытай тарапы сынақ туралы тиісті елдерді алдын ала хабардар еткен.

Сондай-ақ Қытай ӘТК бұл сынақ халықаралық құқық пен халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келетінін және қандай да бір мемлекетке немесе нақты нысанаға қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.

Айта кетелік адамзат тарихындағы ең үлкен зымыран Starship сынақ ұшырылымын өткізген еді.