Қытай туу көрсеткішін арттыру үшін контрацептивтік құралдарға салық енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытайда контрацептивтік препараттар мен құралдардың сатылымына қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Китай введет налог на противозачаточные средства для повышения рождаемости
Фото: Xinhua

Қытай Халық Республикасының ҚҚС туралы заңының жаңартылған нұсқасында контрацептивтік препараттар мен құралдар бұрын ҚҚС салына қоймайтын тауарлар тізімінен шығарылған.

Қытай Халық Республикасының ҚҚС туралы заңында жаңарту енгізіліп, контрацептивтік препараттар мен мүшеқаптар енді бұрынғыдай салықтан босатылмайтын тауарлар тізіміне қосылды. Яғни, бұдан былай олардан ҚҚС алынатын болады.

Хабарланғандай, салықтық жеңілдіктің алынуы контрацептив өндірушілер мен сатушыларға тікелей әсер етеді. Компаниялар шығын құрылымын қайта қарастырады, баға саясатын түзетеді және нарықтағы бәсекенің күшеюіне дайындалады.

Bloomberg агенттігі хабарлағандай, Қытай соңғы отыз жылда алғаш рет мүшеқаптармен қоса, контрацептивтік препараттарға 13 пайыздық ҚҚС енгізіп отыр.

Сонымен қатар, бұл өзгерістер балаларға күтім көрсету қызметтері, қарттар үйлері, мүгедектерге көмек көрсететін ұйымдар және үйлену тойларымен байланысты қызметтерді ҚҚС-тен босатады. 

Америкалық басылым бұл өзгерістерді Қытайдағы туу көрсеткішінің күрт төмендеуін тежеп, отбасыларға балаларды көбірек дүниеге әкелуге ынталандыру шараларының бөлігі деп бағалайды, себебі ел халқы үшінші жыл қатарынан азайып келеді.

Бұдан бұрын Қытай Қаржы министрлігі биыл орталық бюджеттен бала күтімі бойынша субсидияларды төлеуге 90 миллиард юань (шамамен 12,6 миллиард АҚШ доллары) бөлінетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар