Қытай жылына 10 мыңға дейін ұшатын көлік шығармақ

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды. 

Қытай ұшатын көлік
Фото: Baidu

Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлік шығармақ.

Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады.

Айта кетсек, Гуанчжоу – Қытайдың дамып жатқан төмен биіктік экономикасына қосылуға ұмтылған қалаларының бірі. Бейжіңнің іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2027 жылға қарай Қытай астанасында экономикасы төмен 5 мың кәсіпорын жұмыс істейді деп болжанып отыр.

Бұған дейін Илон Маск өзі иелік ететін Tesla компаниясы шығарған Cybercab роботтандырылған таксиді таныстырғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар