Қытайда 4,4 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсмологтар бүгін Қытайда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.

Землетрясение
Фото: Анадолы

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, Қытайда бүгін, 19 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 20:54-те (Гринвич уақытымен сағат 15:54) жер сілкінісі тіркелді.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,18 градус, шығыс бойлық бойынша 82,95 градус.

Магнитудасы: 4,4.

Энергетикалық класы: 10,8.

Тереңдігі: 24 км.

Бұған дейін Қытайда бір күнде екі рет жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.