Қытайда 5 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 22 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 21:09-да (Гринвич уақытымен сағат 16:09) Қытайда тіркелген.
Эпицентрдің координаттары солтүстік ендік бойынша 42,04 градус, шығыс бойлық бойынша 81,99 градус. Магнитудасы 5,0. Энергетикалық класы 11,7.
Айта кетейік, Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу көршілес төрт өңірде де сезілді, бірақ зардап шеккендер жоқ, ғимараттар қирамаған.