Қытайда алғаш рет тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

АСТАНА.KAZINFORM – Қытайда тоғызқұмалақтан алғашқы ел чемпионаты басталды.

қытай тоғызқұмалақ
Фото: chinanews.com

Chinanews сайтының хабарлауынша, дәстүрлі тоғызқұмалақ спортын кеңінен танытуға бағытталған ашық турнир Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі Мори Қазақ автономиялық ауданында өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, бұл - тоғызқұмалақтан өітп жатқан алғашқы ел чемпионаты. Үш күнге созылатын байрақты бәсекеге Бейжің, Гансу, Цинхай және Ішкі Моңғол сынды 6 өлке-қаладан 60 адам қатысып жатыр.

Ішкі Моңғол автономиялы өлкесінен келген қатысушының айтуынша, осындай шаралар әр ұлттар арасындағы мәдени алмасуды ілгерлетеді.

- Бұл жолы әртүрлі провинциялар мен қалалардан келген шеберлермен бәсекеге түсуге мүмкіндігіміз бар. Тоғызқұмалақ тек ойлау сынағы емес, сонымен қатар шахмат шеберлігімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінің мәдени алмасуын ілгірлетеді. Көңіл-күйді көтеріп, еңбекқорлыққа ұмтылудың спорттық рухын көрсете алады,- деді ол.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Тоғызқұмалақ ойыны Қытайда біршама танымал. 2015 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономия өлкесінде Шахмат түрлері қоғамына қарасты тоғызқұмалақ спорты арнайы комитеті құрылды. Бұл қадам осы интелтектуалды ойынның Қытайда дамуына айтарлықтай серпін берді. 

2016 жылы тоғызқұмалақ ойыны Үрімжі қалалық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді.

Ал 2022 жылы Қытайдың үздік ұлттық спорт түрі болып бағаланды.

Соңғы жаңалықтар