Қытайда алкогольге тәуелділіктен арылту үшін науқасқа «арнайы чип» енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Аньхой провинциясындағы Фуян ауруханасында өңірде алғаш рет алкогольге тәуелділіктен арылтатын «арнайы чип» енгізу бойынша операция жасалды, деп жазады China Daily.

 алкогольге тіуелділік
Фото: pixabay

«Сергектік чипі» - электронды құрылғы емес. Ол дәрілік препараттар салынған капсулалар, олар шағын инвазивті процедуралар арқылы енгізіледі, деп түсіндірді Фуянның Үшінші халық ауруханасындың өкілдері. Бұл әдіс бойынша операция 9 сәуір күні жасалған.

Капсулалар психологиялық тұрғыда адамның алкогольге деген тәбетін тартылтып, асқынуын тежейді. Пациент 20 жылдан астам уақыттан бері алкоголь тұтынып келген 40 жастағы ер адам болды.

Фуян ауруханасы жуырда Қытайдың өзге қалалаларында бұрын қолданылып келген жаңа әдісті енгізді, деп жазды жергілікті БАҚ.

Осыған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері алкогольді шектен тыс пайдалану — қылмыс деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігін мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар